Евразиялық одақ

Қазақстан ЕАЭО аясында зияткерлік меншік саласындағы 3 халықаралық келісімге қол қояды - Имашев

Қазақстан ЕАЭО аясында зияткерлік меншік саласындағы 3 халықаралық келісімге қол қояды, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Әділет министрі Берік Имашев.
Нұр-Сұлтан22 Желтоксан , 10:50

«Бүгінде 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін Еуразиялық экономикалық одақ аясында интеграциялық экономиканың маңызды бағыттарының бірі - зияткерлік меншік саласы. Сонымен, Келісімді жүзеге асыру аясында 2015 жылы үш халықаралық келісімге қол қою жоспарлануда. Атап айтар болсақ, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі мен ЕАЭО мүше мемлекеттердің  аумағында тауар шығарылған жерлердің атауы  туралы келісімге қол қою көзделуде», - деді Б.Имашев.

Бұдан басқа, зияткерлік меншік нысандарына қатысты құқықты қорғау әрекетін үйлестіру бойынша келісімге қол қойылады деп күтілуде. «Құжат зияткерлік меншік саласында құқық бұзушылықты алдын-алу, ақпарат алмасу және заңнаманы жетілдіру бойынша ортақ ұсыныстар жасақтау мақсатында ведомствоаралық ынтымақтастықты көздейді. Үшіншісі - Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісім. Келісім авторлық сыйақыны төлеу, бөлу және оны орнатудың бірыңғай тәртібін бекітетін болады. Келісім жобасында жиналған сыйақыны бөлу мерзімі мен тәртібі нақты жазылады, ол бір жылда кем дегенде 1 рет жүргізілуі керек», - деп түсіндірді  министр.

Аталмыш халықаралық келісімдерді қабылдау зияткерлік меншік құқығын лайықты дәрежеде қамтамасыз етуге, шығармашылық қызметті ынталандыруға септігін тигізеді, деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, Б.Имашев атап өткендей, еліміздегі салалық ведомстволар отандық өндірісті дамыту мен ғылыми-техникалық әлеуетті арттыру бойынша шаралар қабылдауы тиіс.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика