Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы

Қарағанды облысында мемлекеттік тіл білімі бойынша байқау өтті

Теміртау қаласының орталық кітапханасында өткен қазақ тілі байқауына 45 адам қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды29 Қыркүйек , 15:21

Шара  22 қыркүйекте өткен тілдер күніне арналған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау бірнеше мақсатты көздеді.

Байқаудың мақсаты өзге ұлт өкілдері бүлдіршіндерінің мемлекеттік тілді игеруіне қолдау көрсету,халықтың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын ояту, көпшіліктің кітапханаға келуін қадағалау.

Байқауға 3 команда қатысты. Политехникалық колледждің студенттері, №5516 әскери бөлімше өкілдері мен мектеп оқушылары өзара бақ сынасты. Қазылар алқасы жеңімпаздарды үш кезеңнің қорытындысы бойынша анықтады: сәлемдесу, шығармашылық байқау және жазба жұмысы.

Политехникалық колледждің екінші курс студенті Нелла Курлукова қазақ тілін бірнеше жылдан бері оқып жүр. Нәтижесінде байқауға қатысып, бақ сынауына мемлекеттік тіл білімі жетіп тұр.

Байқау жеңімпазына DVD-плейер, екінші орын иегерлеріне веб-камера, ал үшінші орын алған топ фотоаппаратқа қол жеткізбек.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика