Адами капитал

Ерлікпен қаза тапқан авиаторлардың аналарына наградалар табыс етілді (Фото)

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Алматы облысындағы Жаңалық ауылының маңында 2014 жылдың 23 қыркүйегінде апатқа ұшыраған Су-27 жойғыш ұшағы экипажының туған-туыстарымен кездесті, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Нұр-Сұлтан 21 Желтоксан, 14:32

Подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбуновтан құралған экипаж ұшақты елді мекеннен аулаққа алып кетуге бар мүмкіндікті жасаған болатын.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен жауынгерлік және қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін подполковниктер Ерлан Науанов пен Денис Горбунов қаза тапқаннан кейін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды», - деген министр «осындай ержүрек офицерлер халықтың мақтанышы, мемлекеттің даңқы мен қуатын осындай адамдар көтереді», - деп атап өтті.

Министр наградаларды Е.Ж. Науановтың анасы Риза Бекенқызы мен Д.И. Горбуновтың анасы Татьяна Александровнаға табыс етті. «Сіздердің ұлдарыңыз біздің есімізде Отанға қызмет ету мен әскери қызмет атқарудың үлгісін көрсеткен ержүрек офицер және нағыз командир ретінде мәңгі сақталады», - деді И. Тасмағамбетов.

 





Яндекс.Метрика