Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

Теміртауда моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде 7 инвестициялық жоба қаралды

Теміртауда конкурстық комиссия моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде қайтарымсыз несие алуға үміткер 7 кәсіпкердің инвестициялық жобасы қаралды.
Қарағанды29 Қыркүйек , 15:10

Осы жылы  моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша Теміртау қаласында кәсіпкерлерге 20 млн теңге бөлінді. Алайда осы қаражатты алу үшін кәсіпкерлер бірқатар шарттарды орындау керек. «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша білімін жетілдіп, құрған бизнес жоспарын комиссия алдында  қорғап шығуы керек. Қайтарымсыз көмекке 7 кәсіпкер үміткер болды.

Бүгінде мемлекет тарапынан теміртаулық үш кәсіпкердің екеуі грант алып отыр. Экологиялық таза пакеттер мен киімдер өндіретін «Эко-17» ЖШС жобасы Қарағанды облыстық координалдық кеңестен оң баға алды. Сонымен қатар «НИМ» ЖК парфюмериялық өнімдер шығару бойынша сәтті қорғалды. Қазір кәсіпкерлер кәсіптеріне керек-жарақтандыру үшін қайтарымсыз түрде, 3 млн теңгеге дейін мемлекет тарапынан берілетін несиені күтіп отыр. Ал тағы бір теміртаулық жоба қайта өңдеуден өтіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр айында Теміртаулық кәсіпкерлерге 1,5 млн теңгеден 3 млн теңгеге дейін мемлекет тарапынан қайтарымсыз берілетін кәсіпкерлік несиеге конкурс жарияланған болатын. Несиелер моноқалаларды дамыту бағдарлдамасы аясында берілуде.

 




Яндекс.Метрика