100 жетістіктің тарихы

Отандық медицинаның күннен күнге бәсекеге қабілеттілігі артуда - Ә.Досмағамбетов

Ақтөбе28 Ақпан , 19:09

Жұмыс жасау барысында өзін ересектер мен балаларға да толық мамандандырылған көмек көрсете алатын білімі жоғары және кәсіптік шебері мол маман ретінде көрсетті. Жауапкершілігі мол адам, ұжым арасында беделі жоғары. Бірнеше рет хирургиялық  конгресс іс-шараларына қатысқан.

200-ге жуық жүрекке оталар жасады, оның ішінде балалар мен ересектердің  жүректің туа біткен ақауларын коррекциялау, ересектердің жүре пайда болған жүрек ақауларын коррекциялау, жүректің ишимия ауруларын  хирургиялық емдеу.

Ересектер мен балаларға облыста және қала арасында магистральді қантамыр жарақаттарына шұғыл көмек көрсетуге үлесін үнемі қосуда.

«Соңғы жылдары Қазақстанда денсаулық сақтау саласында айтарлықтай өзгерістер болып жатыр, сонымен қатар отандық медицинаның күннен күнге бәсекеге қабілеттілігі артуда.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»  атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Ұлт болашағы – біздің табысты болашағымыздың негізі» екенін атап көрсетті.

Мен диплом алғаннан кейін балалар  хирургиясы бойынша  2004 жылы Алматы қаласында  Мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында балалар хирургиясы бойынша  алғашқы мамандандырудан өттім. 2004 жылдан бастап Облыстық балалар клиникалық емханасында дәрігер-хирург болып жұмыс жасадым.

 Бұл менің өмірімдегі қиындығымен қызығы қатар болған  кезең, қиындығы - ұйқысыз түндер, балалардың өмірімен денсаулығы үшін зор жауапкершілікті сезіну болса, екіншіден білікті дәрігер ретінде қалыптасуымның алғашқы кезеңі.

Медицинада кез-келген адамның жұмыс жасауы мүмкім емес. Бүгінгі күннің дәрігері тек өз ісінің шебері болуы шарт.

Елбасымыздың сыңдарлы саясатының арқасында елімізде медицина дүниежүзілік медицинамен бір бағытта дамып келеді. Сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы жаңа технологияларды пайдалана отырып  халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған.

Мысалы, аймақтарда кардиохирургия орталықтарын ашу және сол жерлерде толық мамандандырылған көмек көрсете алатын, білімі жоғары және кәсіпби шебер мамандардың қызмет етуі дер кезінде жүрекке ота жасаудың айтарлықтай  санын өсірді.

Шыныменде, әліде бір қатар қиындықтар болсада бүгінгі күні еліміздің денсаулық сақтау саласы бойынша мақтануға тұрарлықтай жетістіктері мол, бірақ қиындықтарды жеңу үшін бізде ынтамыз, ең бастысы мүмкімшілігімізде бар» - деп атап өтті ол.

Анықтама:Әнуар Досмағамбетов 1980 жылы дүниеге келді. Ұлты-қазақ, білімі-жоғары

2003 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясының емдеу ісі факульттетін бітірген.

 2003-2004 жылдары М.Оспанов атындағы БҚҚМА Медицининалық Орталық базасында хирургия мамандығы бойынша  интернатура өткен.

2004 жылы Алматы қаласында  Мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында балалар хирургиясы бойынша  алғашқы мамандандырудан өтті. 2004 жылы Облыстық балалар клиникалық емханасында дәрігер-хирург болып жұмыс жасаған.

2006 жылы тамыр хирургиясынан алғашқы мамандандырудан өткен. Тамыр патологиясы бар балаларға  шұғыл көмек көрсеткен. 

2006 жылы эндоскопиялық хирургиядан мамандандырылған. Жоспарлы және шұғыл  патологиясы бар балаларға  эндовидеоскопиялық оталар жасаған. 2008 жылы Қарғалы ауданында эндовидеоскопиялық хирургия дамуына  үлес қосқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

2008 жылы Израиль мемлекетінде балалар емханасында жүрек-қантамыр  хирургиясынан мамандандырудан өткен.

Жұмыс жасау барысында әртүрлі  патологиясы бар 2000-ға жуық балаларға ота жасаған. Өнертабуға 3 патенті бар.

2010 жылдан М.Оспанов атындағы БҚММУ МО кардиохирургия бөлімшесінде кардиохирург дәрігері болып жұмыс жасайды.

2011 жылы Бишкек қаласында кардиохирургиядан мамандандырылған.

2012 жылы Плзень қаласында Чехия клиникасы базасында білімін жетілдірген.

2013 жылы  А.Н.Сызганов атындағы Ғылыми Орталық хирургиясы базасында  балалар кардиохирургиясы бойынша мамандандыру өткен.




Яндекс.Метрика