Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Елдегі медицина мекемелерінің 29 пайызы жеке меншік ұйымдар

Елдегі медицина мекемелерінің жалпы саны 557 болса, соның 29 пайызын жеке меншік ұйымдар құрап отыр, деп мәлімдеді бүгін ҚР ДСӘДМ Медициналық қызмет төлемі комитеті төрағасының орынбасары Гүлім Асылбекова.
Нұр-Сұлтан19 Желтоксан , 15:48

«Тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Мемлекеттік қызмет төлемі комитеті қызметінің маңызды бағыты. Комитет келесі аптада 2015 жылға тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге мемлекеттік тапсырысты  орналастыруды бастайды. Мемлекеттік тапсырысты орындаудағы басты талап – медициналық ұйымдардың көрсететін медициналық көмектері  сапасының жоғарлылығы. Сонымен қатар,  онда тіркеуден өткен ұйымдарға ғана тапсырыс үлестіріледі», - дейді Г.Асылбекова.

«Стационарды және стационарды емес алмастырушы технологиялар қызметін көрсетуші 557 ұйымның қазіргі таңда 29 пайызы жеке меншікте. Бүгінгі таңда жеке меншік емдеу ұйымдарына мемлекеттік ұйымдармен қатар теңдей жағдай жасалынған. Естеріңізде болса, 2009 жылы мұндай жеке меншік ұйымдар мүлде болмап еді», - дейді.

Оның айтуынша, министрлік емдеу ұйымдарының көрсеткен қызметінің сапасы мен көлеміне сараптама жасағаннан кейін ғана ақы төлейді. Егер көрсетілген қызмет талапқа сай келмесе, ондай жағдайда ведомство тарапынан экономикалық шаралар қолданылады.

Айта кетейік, пациенттермен кері байланыс орнату мақсатында республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталықтарының сайтында өңірлердегі медициналық ұйымдар мен олардың рейтингтері туралы ақпарат орналастырылмақ. Қазіргі таңда жоспарлы түрде қайта емдеу керектігін пациенттердің өздері таңдайды. Елімізде жыл сайын 800 мыңдай адам осындай еркін таңдау жасайтын көрінеді.

Сонымен қатар төменгі палата депутаты халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша халықтың басым көпшілігінің медицина қызметтеріне көңілдерінің толатынын айтты.

«Пациенттенттердің  32 пайызы кезектің көптігі мен медицина қызметкерлерінің жауапсыздығына шағымданса, 62 пайызы көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасына көңілдері толады, ал тек 6 пайызы ғана медициналық қызметтердің сапасы нашар екенін алға тартады», - деп түйіндеді өз сөзін «Ұлттық тұтынушылар лигасы» РҚБ төрайымы. 

Бауыржан Мұқанов 




Яндекс.Метрика