Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Елбасы - мемлекеттің гүлденуіне зор үлес қосқан тұлға

Біз өте бақытты ұрпақпыз. Себебі, ешкімге тəуелді емес, өз билігі өзінің қолына көшіп, көшінің бағытын өзі анықтайтын елде тұрамыз. Тəуелсіз еліміздің баянды болашағы үшін еңбек етіп жатырмыз, деді Strategy2050.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев.
Қызылорда19 Желтоксан , 14:48

«Əрбір қазақстандық елін шексіз сүйгенде ғана біз биікке көтеріле аламыз. Өйткені, өз мемлекетін жан-тəнімен жақсы көретіндер ғана үлкен істер жасай алады», - деді А.Ералиев.

Елбасының  Тәуелсіздік күні сөйлеген сөзінде нақты істердің атқарылуы, жүзеге асуы, егемендіктің маңыздылығы айтылд.  Бұл – елінің болашағы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей, мемлекетін тек қана алға жетелейтін азаматтың сөзі, деп атап өтті ол.

Бұдан бөлек, Елбасы Тəуелсіздік – сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің əрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі екенін, Тəуелсіздік кешегі батыр бабалар өсиет еткеніндей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі əрбір азаматтың қайсар шешімі екенін де атап өтті. «Біздіңше, əрбір қазақстандық осындай ойда болуы керек. Өйткені, Елбасы елдіктің сөзін айтып отыр», - деді ол.

 

 




Яндекс.Метрика