Self made. Біздің замандастар

Ләззат Төлеуғалиева

Қарағанды27 Қыркүйек , 18:19

Ләззат Төлеуғалиева 1970 жылы туылды. Ұлты-қазақ, білімі-жоғары.

1993 жылы Жезқазған педагогикалық институтын «Орыс тілі және әдебиет» мамандығы бойынша, 1996-1999  жылы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтанушы мамандығы бойынша тәмамдады.

Біліктілікті арттыру жөнінен 2011 жылы Түрік еліндегі өртке қарсы қызмет түрі туралы Коджаэли қаласында.

Мемлекеттік сыйлықтары, төс белгілері мен ведомстволық сыйлық: 2006 жылы III дәрежелі  «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін», 2009 жылы II дәрежелі  «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін»

Еңбек мансабын Жезқазған облысы нөмірі 8 басқармада өртке қарсы бөлімнің инжинері болып бастады.

Қазіргі таңда Қарағанды облысы ТЖД Жезқазған қаласы басқармасының бастығы.

Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізбен жалпы халықты нақты жетістіктер мен әл-ауқатымыздың көтерілуіне жетелеп келеді.

Ел Президенті мен Парламент гендерлік теңдік принциптеріне еруге демонстрациялап келеді. Өзінің Қазақстан халқына арнаған «Казақстан-2050» Стратегиясы» жолдауында Президент «әйелдер мәселесіне» кеңінен тоқталып, елімізде әйелдердің ролін көтеру мақсатында  барлық мүмкіндіктерді жасау керектігін айтты.

Мемлекет басшысы тарапынан анамен баланы қолдау туралы заң  шығару акттары жөніндегі жұмыстарды іске асыруды  тапсырды. Гендерлік теңдік шеңберінде әйел азаматтарды барлық салаларға көптеп  тарту жөнінде тапсырмалар берілді. 

«ТЖМ құрылысындағы жұмыстар жас мемлекеттің аяққа тұрып келе жатқанынның көрінісі. Менің көзқарасым бойынша, ТЖ саласындағы көптеген жылғы еңбек тәжірбиелерім болашақта  әлдебір бөлімнің басшылығында қолданамын. Бүгінде Қазақстан жас мемлекет.

Жас  деген сөздің өзі ата-ана қолдауын еске түсіреді. Сол үшін елдің ары қарай дамуыүшін әйел адамның  аялы алақаны керек»,-  дейді Ләззат Толеуғалиева




Сонымен қатар:

Дерекнама

Яндекс.Метрика