Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

Қазақстан мен Эквадор визаны алып тастау жөнінде келісімшартқа қол қойды

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 68 сессиясы жұмысына қатысқан ҚР СІМ Ерлан Ыдырысов бірқатар екіжақты келісімдер өткізді.Нәтижесінде Қазақстан мен Эквадор Республикаларының арасында виза жүйесі жойылатын болды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Әлемде28 Қыркүйек , 12:53

«Кезедесудің басты жемісінің бірі Эквадор сыртқы істер министрімен азаматтар арасында визалық талаптың жойылуы туралы екіжақты келісімге қол қойылуы. Енді қазақстан республикасының азаматтары Эквадорда визасыз 30 күн бойы жүре алады. Бұл құжатқа қол қойлуы екі ел арасында бизнес, туризм мен сауда-саттық дамуының бастамасы», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, Е.Ыдырысов Еуроодақ елдерінен Албания, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Македония, Португалия елдерінің өкілдерімен, Ангола, Габона, Гвинея, Судан секілді Африка елдерімен, Бахрейн, БАӘ секілді Араб елдерімен және Белиза, Канада, Гайана, Куба, Гренада елдерінің өкілдерімен кездесті.

 

 




Яндекс.Метрика