«Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту

Ақтөбе облысында мектепке дейінгі мекемелер жүйесі 27%-ға көбейді

Ақтөбе облысында «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепке дейінгі мекемелер жүйесі 27%-ға көбейді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе28 Қыркүйек , 11:55

«Жалпы «Балапан» бағдарламасына іске асыру барысында мектепке дейінгі ұйымдар саны 141-ге өсті. Оның 60-ы балабақша болса, 81-і шағын орталықтар. Жалпы орын саны - 7768. Бұл мектепке дейінгі бүлдіршіндердің 14323 мыңын қамтуға мүмкіндік беріп отыр», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 1060 орындық 9 балабақша салынды. Кезінде жекешелендірілген 1480 орындық 7 балабақша қайтарылды. Қала сыртындағы 1565 орындық 32 түрлі ғимараттар жөндеуден өтті.1863 орындық мектепке дейінгі шағын орталықтар ашылды, 1290 орындық 9 жекеменшік балабақша мен 1 қабатты 150 орындық 2 балабақша Ақтөбе қаласы мен Алға ауданында ашылды.

Жалпылай алғанда 2010-2013 жылдар арасында облыс көлемінде 7718 орындық 132 мектепке дейінгі ұйым ашылған.

Айта кету керек, мектепке дейінгі мекемелер құрылысын қолға алуда мемлекеттк тапсырмалардың алар орны орасан. Өткен жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі мекемелердің жеке меншік түрі 7-ден 16-ға артқан.

Бүгінде облыс көлемінде 2014-2020 жылдарға арналған мектепке дейінгі мекемелер құрылысының қарқынды жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала жоспар бойынша Ақтөбе облысында осы жылдар аралығында 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер жүз пайыз балабақшамен қамтамасыз етілмек. 




Яндекс.Метрика