Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Түркия Премьер-министрімен кездесті

Стамбұлда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Түркияның мұхиттық әскери күшінің жаңа корветі мерекелік шарасы барысында осы елдің Премьер-министрі Реджеп Ердоғанмен кездесті. Корвет аймақтық аудандарды қадағалауға бағытталған.
Әлемде28 Қыркүйек , 11:39

ҚР Қорғаныс министрі түрік үкіметінің басшысымен кездесу кезінде Анкарада Түркияның жоғары әскери басшылығымен болған кездесулер мен түрік әскерінің жауынгерлік дайындығы және қорғаныс-өнеркәсібі кешенімен танысу шаралары екіжақты әскери ынтымақтастықты жандандыруға айтарлықтай қарқын беретінін атап өтті.

« Түркия әскері Солтүстікатлантика альянсы елдері арасындағы ең жетілдірілген және тиімді армия. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Түркияның қорғаныс ведомствосы және Қарулы Күштерімен арадағы ынтымақтастықты табысты дамытуға үлкен маңыз береді», – деп Әділбек Жақсыбеков атап өтті.   

Әділбек Жақсыбеков пен Реджеп Ердоған әскери саладағы қазақ-түрік өзара іс-қимылдары Қазақстан мен Түркия мемлекет басшылары қол жеткізген өзара ынтымақтастық шеңберінде одан әрі де жемісті дами беретініне сенім білдірді.

 

 

 




Яндекс.Метрика