Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Әйелдердің барлық бастамасы Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап Елбасының қолдауына ие болды - Сәрсембаева

Әйелдердің барлық бастамасы Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап Елбасының қолдауына ие болды, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында іскер әйелдер қауымдастығының Президенті Раушан Сәрсембаева.
Казахстан17 Желтоксан , 10:01

«Қазақстанның Тәуелсіздік күні-біз үшін ең ұлы мереке. Тәуелсіздік деген не? Бірінші кезекте бұл тұрақтылық. Тұңғыш Президенттің сарабдал саясытының арқасында Қазақстанда 100 ұлттың өкілі бейбіт өмір сүруде.Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап әйелдердің барлық саладағы бастамасын Елбасы қолдады», - деді Р.Сәрсембаева.

Әлемде әр түрлі жағдай болып жатқанда бейбітшілік пен тыныштықты бағалай түседі екенсің, деді ол.

Қазақстан халқына Жолдауында халықты әлеуметтік қорғау, шағын және орта бизнесті қолдауға ерекше көңіл аударылуда.

«Мемлекет әйелдер арасында шағын және орта бизнесті дамыту үшін көп көңіл бөлуде. Өкінішке қарай, әйелдер арасындағы жұмыссыздық сол қалыпанда қалып отыр», - деді ол.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика