Инвестициялар

Қазақстанда жылына қуаттылығы 7 млн тонна болатын калиймен жер тыңайту кәсіпорындары салынады

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында жылына қуаттылығы 7 млн тонна болатын калиймен жер тыңайту кәсіпорындары салу жоспарланған, деп хабарлады «KAZNEX INVEST».
Казахстан17 Желтоксан , 12:32

Астанада екіжақты келісімге инвестициялар мен даму министрі Ә.Исекешев пен «Kazakhstan Potash Corporation Limited» басқарма төрағасы Чен Кван, «Ситик констракшн» бас директоры Чень Сяоцзя және Қытай өндірістік банк вице-министрі Чжан Хунли қол қойды.

Құжат Қазақстанға ҚХР Мемкеңесінің Премьер-министрі Ли Кэцянның жұмыс сапары аясында келісілді. Инвестициялардың жалпы көлемі 3 млрд АҚШ долларын құрады. 2022 жылға дейін 5100 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Ақтөбе облысында бірінші кешеннің құрылысы 2015 жылдың екінші жартысында басталады. БҚО-да 2016 жылы.

Келіссөздер қорытындысы бойынша «KAZNEX INVEST» Қытайдың Cathay Industrial Biotechnology Co.LTD компаниясымен меморандумға отырды. 




Яндекс.Метрика