Адами капитал

Алматыда мемлекеттік наградалар тапсырылды

Алматы әкімі Ахметжан Есімов Тәуелсіздік күні құрметіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан қала тұрғындарына мемлекеттік наградаларды тапсырды, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы16 Желтоксан , 12:04

Қала басшысы алматылықтардың мемлекет алдындағы сіңірген еңбектері, белсенді қоғамдық істері, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамунына қосқан зор үлестері жөнінде айтты.

«Қазақстан Президенті ерекше көзге түскен азаматтарды өзінің Жарлығымен жоғары мемлекеттік наградалармен марапттайды. Марапатталғандардың барлығы түрлі сала өкілдері, бірақ олардың мақсаты ортақ, ол - өз кәсібіне, қаласына, елімізге қызмет ету», - деді Ахметжан Есімов.

2014 жылы мемлекеттік наградаларға ие болғандар тізімі жаңа алматылықтармен толықты. Мысалы, «Парасат» орденіне Қазақ Қыздар Педагогикалық университетінің профессоры Нариман Қаражігітов, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Әділмырза Маралов ие болды. «Құрмет» орденімен 27 қала тұрғыны, «Ерен еңбегі үшін»медалімен 23 алматылық, «Шапағат» медалін мегаполистің 5 тұрғыны иеленді.

«Ерлігі үшін» медалін Чернобыль апатына қатысқан Болат Нұрахметов, Ғалымбек Тоқтаубаев алды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы Мемлекеттік Қуыршақ театрының басшысы Ақжарқын-Сәрсенбек Оразәліге және Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония директоры Мұхтар Өтеуовке берілді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен мегаполистің 9 тұрғыны марапатталды.




Яндекс.Метрика