Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

5 мыңнан астам қостанайлық 2013 жылғы жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты

2013 жылғы бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 5 мыңнан астам қостанайлық қатысты деп хабарлайды, облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қостанай28 Қыркүйек , 10:48

«Жыл басынан бері облыс аймағында 50-ден астам юос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Оған 5 мыңнан астам адам қатысты соны 510-ы жұмысқа тұрса, әлеуметтік жұмыстар мен жастар  тәжірибесіне 320 адам тартылды. Ал қоғамдық жұмыстарға 130 адам араласты», - делінген хабарламада.

Айта керу керек, Қостанай, Рудный, Лисаковск, Арқалық қалалары мен Жітіқара аудандарында ағымдағы жылдың 6 шілдесінен бастап «ашық аспан астында» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп жатыр.

«Барлығы 20 жәрмеңке өткізілді. Оған шамамен 1 мың адам қатысты. Қатысушылар жұмысқа орналасу жөнінде консультация алды. Шамамен 200 адам «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында жұмсқа шақырылды», - делінген хабарламада.

2013 жылдың тек қана 8 айында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 3,5 мың адам жұмыспен қамтылған. Ағымдағы жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 4,5-ке жеткізу жоспарланып отыр.




Яндекс.Метрика