ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақ тілі Google -аудармашы қызметіндегі 90 тілдің біріне айналды

Қазақ тілі әлемде 500 млн тұтынушысы бар Google-аудармашы жүйесіндегі 90 тілдің біріне айналды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Wikibilim» қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы.
Нұр-Сұлтан15 Желтоксан , 16:51

 «Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік тіліміз әлемдегі ең ірі 500 млн тұтынушысы бар Google-аудармашы жүйесіндегі 90 тілдің біріне айналды. 2012 жылдың сәуірінде бастама ретінде көтерілген қазақ тілін Google -аудармашы қызметіне енгізу идеясын жүзеге асыруда екі жыл бойы еріктілер мен арнайы тартылған мамандар тер төкті. Еріктілердің санын дөп басып айта алмаймыз, дегенмен 300-400 шамасында азаматтар қатысты», - дейді Рауан Кенжеханұлы.

Сонымен қатар, ол ел аузындағы аталмыш аударма жүйесі туралы әзіл-қалжыңдардың тек қазақ тіліне ғана қатысты еместігін, автоматты аударма қызметіндегі барлық тілдердің де белгілі бір деңгейде кемшілікке ие екенін тілге тиек етті.

«Дегенмен аударма сапасын жақсарту мақсатында алдағы уақытта жұмыстар жалғаса беретін болады. Ол үшін кез келген қолданушының аталмыш қызметке қатысты ұсыныстары мен пікірін жеткізуге мүмкіндік қарастырылған. ал аударма сапасына келер болсақ, гугл-аудармашының автоматты машина жұмысы болғандықтан, ол сала мамандарының қызметіндей болмайтыны анық», - деді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда гугл-аудармашы қызметін пайдаланатын қазақстандықтар саны 200 мыңды құрайды

«Автоматтандыру мен ақпаратты технологиялардың дамыған заманында біз жасанды ителлекттің сәл-ақ алдында тұрмыз. Гугл-аудармашы қызметі мен оны тұтынушылар санын ескерсек, автоматты аударма қызметінің аудармашы мамандарды алмастыратын күні алыс емес», - деп сөзін түйіндеді «Wikibilim» қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы.

Бауыржан Мұқанов 




Яндекс.Метрика