Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына Атырау облысы бойынша 16 мың адам қатысуда.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына Атырау облысы бойынша 16 мың адам қатысуда, деп мәлімдеді Атырау облысының әкімі Б. Ізмұхамбетов аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының таныстырылуында.
Атырау27 Қыркүйек , 17:00

«Облыс бойынша «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасында шамамен 16 мың адам қамтылды. Оның 12,9 мың жұмыссызы (80,6%), 2,3 мыңы өзінше жұмыспен қамтылғандар (13,0%) және 1 мыңы әлеуметтік аз қамсыздандырылған азаматтар (6,4%)», - деді әкім.

Б.Ізмұхамбетовтың айтуынша, кәсіптік білім беруден 8,8 мың адам өтсе, 7,3 мың адам немесе білім беруден өткен адамдардың 85%-ы алған кәсіптері бойынша жұмысқа орналасқан.

Ағымдағы жылы бағдарламаның жүзеге асырылуына 5 млрд теңге бөліну жоспарланып отыр. Барлық жұмыс істеген кезең кезінде бағдарламаға 8,5 млрд теңге жұмсалған.




Дерекнама

Яндекс.Метрика