Атаулы әлеуметтік қолдау

«Инватакси» тегін қызметі Қазақстанның 20 қаласында жұмыс істеуде

Қазақстанның 20 қаласында «Инватакси» тегін қызмет көрсету түрі мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға транспорттық қызмет түрі бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды «Сәби» қайырымдылық қоры.
Казахстан27 Қыркүйек , 19:47

«Инватакси» қызметінің арқасында еліміздің түкпір-түкпіріндегі мүмкіндігі шектеулі мыңдаған адам қарым-қатынас қызметіне қол жеткізді. Енді үйде отырып қоңырау шалу арқылы үйден жұмысқа, ауруханаға  немесе өзге де жерлерге қатынауға болады», - дейді қоғамдық қор.

Қор қызметкерлерінің айтуынша, егер кісі бірінші қабаттан жоғары қабатта тұратын болса, оны «Инватакси» қызметіне кіретін арнайы мобилді көтеріп-түсіру баспалдағы арқылы көтеріп-түсіреді

Сенбі күні, 28 қыркүйекте «Сәби» қайырымдылық қорынан еліміздің 5 қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар ұйымына Volkswagen маркалы жаңа 10 машина беріледі. Осылайша, қор тарапынан өңірлерге жөнелтілген гидравликалық көтергіштермен жасақталған арнайы мамандандырылған көліктер саны 62-ге жетпек.

Осы шараның іске асуына «Сәби» қоры тарапынан 400 млн теңге жұмсалған.




Яндекс.Метрика