Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты

«Smart Astana 2013» жобасы шеңберінде 200-ден астам делегат «ақылды қала» концепциясын талқылады

Бүгін Астанада жыл сайынғы үшінші «Smart Astana 2013» конференциясын өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Қыркүйек , 19:43

 «200-ден астам  делегат «ақылды қала» концепциясын талқылады. Енді Астана энергияжинақтау, экология, түрлі қызметтердің қауіспсіздігі мен қолжетімділігінде жаңа технологияларды қолданатын әлемдік қалаға айналады», - делінген хабарламада.

«Қалада бірқатар жобалар іске  асуда. Энергия және ресурсжинақтау саласында түрлі бағыттар бойынша жобалар қолға алынуда. Соның ішінде коммуналды қызметтерге көп көңіл бөлінуде. Осы орайда екі үлкен жобаны айта кту керек: Smart-ленд пен Smart-суқұбыры», - деді қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

«Смарт-лэнд» жобасы электроэнергия тұтынуын 20 %, ал «Смарт-су  құбыры» суды 21 % дан 8 % үнемдейді.

Бұдан бөлек, электронды қызметтердің жұмыс істеуі мен ауыр қылмыстардың саны азайтылуы жоспарланып отыр.

«Ақылды қала» жобасына үш маңызды элемент топтастырылған. Олар экономикалық, экологиялық және әлеуметтік факторлар. Экологиялық жағынан су тұтыну мен оны барынша азайтуға көңіл бөлу керек. Әлеуметтік бағыт бойынша, жастарға жайлы өмір сүру салтын ұсыну мен медициналық қызметтердің жақсартылуы. Ал экономилық бағыт бойынша халық табысының көбеюі мен бизнес жоспарлардың көптеп жасалуына қолдау көрсету.




Яндекс.Метрика