Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

Қазақстанда 1 қарашадан бастап әкімшілік және жол полициясы бөлімшелерінің біріктірілуі басталады

ҚР ІІМ-де министр орынбасары Ерлан Тұрғұмбаевтың төрағалығымен Астана мен Алматы қаллары және облыстың ІІД бастығы орынбасарының, әкімшілік және жол полиция бастықтарының қатысуымен жедел кеңес өткізілді, деп хабарлайды ҚР әкімшілік поиция комитетінің баспасөз қызметі.
Казахстан27 Қыркүйек , 19:30

«Жиында қоғамдық қауіпсіздік пен жол қауіпсіздігі мәселелері қаралды»- делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, жиында айтылғандай, бүгінде министрлікте әкімшілік және жол полициясы комитетттерінің реорганизациясы өткізілді.

Жол-патруль полицияларының өкілдері ұйымы қызметкерлерінің мамандарына біліктілікті арттыру талаптарына, нормативтіқұқықтық акттарға, жол және патруль полициясының қызметіне өзгерістер енгізілді.

Типтік құрылым мен типтік штаттар қарастырылды. Сонымен қатар, территориалдық ІІО қызметіне ескертулер дайындалды.

Бұдан бөлек, кеудеге тағылатын белгілердің, қолға тағылатын шеврондардың және патруль көліктерінің ақпараттық жазулардың дизайны белгіленіп, жаңа киім үлгісінің дизайны дайындалуда.

ІІД басшыларына патрульдік және жол полиция қызметкерлерінің біріккен тәжірбиелерін жалғастыра беру мен патруль полиция қызметкерлерінің көлік айдау құжаттары жоқтарына жеке құрамы оқу-жаттығу жұмыстарын аяқтау тапсырылды. Жергілікті  атқарушы органдардың патруль полициялары көліктеріне видеорегистрациямен қамтамасыз етілу тапсырылды.

Жиын қорытындысы бойынша, біріккен қызметті ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастау шешімі қабылданды.

 




Яндекс.Метрика