Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Ақтөбе облысында ағаш отырғызу алаңдарының жалпы аумағы 800 га өсті

Ағымдағы жылы Ақтөбе облысында ағаш отырғызу алаңдарының жалпы аумағы 800 га өсті, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасы баспасөз қызметі.
Ақтөбе27 Қыркүйек , 18:26

Өңірде ағаш отырғызу алаңдары мен отырғызылатын ағаш түрлерінің саны өсіпкеледі. Есеп беру кезінде 812 га жерге ағаш отырғызылған», - делінген хабарлада.

Хабарламада айтылғандай, табиғи ресурстарды қорғау мен табиғатты пайдалануды реттеу ісімен жалпы аумағы 203715 га болатын жерді қорғаумен айналысатын 7 мемлекеттік орман шаруашылығы қоры мекемесі айналысуда.

Аталмыш аумақтың 43380 га орманнан тұрады.

Табиғаттықорғау бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласы айналасындағы көгалдарды санитарлықорғау шаралары жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы айналасындағы көгалдарды санитарлы қорғау мен қалыпқа келтіру бойынша 270,5 га жерге жұмыс жүргізілген. Бұдан бөлек, өспейқалған бағалы тұқымды ағаш сұрыптарын алмастыру мақсатында 213,2 га жердегі  ағаштар оталып жатыр. Ағымдағы жылдың көктемінде көгалды жерлерді қалыпқа  келтіру аясында 210 га жерге ағаш отырғызылды. Өткен жылмен салыстырғанда  ағаштарды санитарлы отау 124,9 гектарға азайып, егу аумағы 210 гектарға көбейген. 




Яндекс.Метрика