Ауылда медициналық қызмет көрсетудің сапасы

Солтүстік Қазақстан облысында жарты жыл ішінде 119 дәрігер біліктілікті арттыру курстарынан өтті

Солтүстік Қазақстан облысында 2013 жылдың 6 айы бойынша 430 дәрігер біліктілікті жоғарлату сабағын алды, оның ішінде 119-ы ауыл мамандары, деп облыстың баспасөз қызметі хабарлады.
Солтүстік Қазақстан27 Қыркүйек , 18:33

«СҚО медицина мекемелері 2013 жылы 460 маманды оқытуды жоспарлаған, ал 2013 жылдың 6 айы бойынша олар 430 адамның біліктілігін арттырған. Өткен жылмен салыстырғанда ол 40 адамға көп», - деп хабарламада жазылған.

Оған қоса, республикалық медмекемелерде 134 дәрігер оқытылды, оның 48-і ауылдық елді-мекендерден.

Сонымен қатар, сыртта оқытылғандар саны 290 адам болса, оның 71-і ауылдық мамандар.

Өз кезегінде шет елде біліктілікті 7 адам арттырды, Ресейде – 1 маман, Беларусь елінде – 1 адам оқып шықты.

 

Осы уақыт ішінде Петропавл қаласында 10 сыртқа шығару циклі болды. Тіс дәрігері, хирург, бала дәрігері, офтальматолог сынды мамандар халыққа қызметтерін ұсынды.  

 

Оған қоса, СҚО-да 1 148 орта білікті маман оқытылды, оның 466-ы ауылдық жерден.

 




Яндекс.Метрика