Атаулы әлеуметтік қолдау

Алматыда жастар конференциясында «Қол жетімді баспана» бағдарламасына қатысу жолын қайта қарастыруды ұсынды - ЕХӘҚМ

Алматыда «Жастардың өмірлік қоғамдық, әлеуметтік – экономикалық өзгеріске қарсы бағытталуы мен бейімделуі» тақырыбында болған отырыста «Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасына қатысудың жолдары қарастырылды. Себебі, елде тұрмыс құру жағдайы 26 жасты құрайды, ал бағдарламаға тек 29 жасқа толғандар ғана қатыса алады, деп Еңбек және Халықты Әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі «Нұр Отан» ХДП – ның қоғамдық-саяси институты сарапшысы Қайратбек Жаманқұловқа сілтеме жасау арқылы хабарлады.
Алматы27 Қыркүйек , 18:21

 « «Қол жетімді баспана» бағдарламасында жастардың жағдайы 14 пен 29 жас аралығында деп көрсетілген. Бағдарламаға қатысу үшін кем дегенде 2 бала болуы тиіс. Ал тұрмыс құру көрсеткішін алсақ ол 26 жасты құрайды. Ал мегаполистарды алсақ, 27-ге жетеді. Сондықтан, жастық көрсеткіш үлкен рөл атқарады, осы сқрақтарды қарастыру керек», - деді Қ. Жаманқұлов.

Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті Тарих кафедрасының және әлеуметтік-гуманитарлық дисциплина профессоры Лилия Зайниеваның айтуынша, әлемдік тәжірбиеде өту шекарасы шамамен 13-14 пен 30-35 жыл аралығын қамтиды. Пәтер алуға келетін болсақ, бұл жерде балалармен үйреншікті.

«Қандай оймен екені маған белгісіз. Алайда 1991 жылғы алғашқы заң бойынша пәтер алар кезде жас отбасының балалары болмаған. Тек отбасы мүшелері санының артуы боды. Әйтпесе, әрине, сіз дұрыс айтасыз. 26 даста екі баланың болуы әрине қиын. Ал қазір 29 жылда бұл жеңілдете түседі. Бұл жерде балалардың жасынамән беру керек», - дейді Л.Зайниева.

 

 




Яндекс.Метрика