Мәдениет, дәстүрлер және даралық

Оралда «Қазақтың ханы Абылай» атты кітап көрмесі өтті

Оралдағы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Абылай ханның 300 жылдығына орай филология ғылымының кандидаты Зарқын Сыздықұлы Тайшыбайдың «Қазақтың ханы - Абылай» кітабының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан27 Қыркүйек , 18:18

Шараға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеттің аға оқытушысы Мұхтар Әбілсейіт Хафизұлы, тарих ғылымының докторы, М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университеттің проректоры, Байболсынова Альфия Сабырғалиқызы, М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университеттің кафедра меңгерушісінің  орынбасары, аға оқытушы Боранбаева Бақтылы Сансызбайқызы, тарих ғылымының  кандидаты қатысты.

Сонымен қатар,  Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының оқытушысы Төлепов Нұржан Жолдығалиұлы, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық универсиеттінің жанындағы Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық мұражайдың меңгерушісі және де Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледж мұғалімдері, мектептердегі тарих пәні мұғалімдері, Облыстық жастар саясаты басқармасының өкілдері мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ тарих факультетінің студенттері  Абылай ханның тарихта алатын маңызды рөлі мен қызметін талқылады.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика