Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Атырау облысында биыл 25 компанияда кезектен тыс тексеріс жүргізілді – облыс әкімі

Атырау облысында биыл шетелдіктердің үлесі бар 25 компанияда кезектен тыс тексеріс жүргізілген. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті.
Атырау27 Қыркүйек , 17:51

«Біз биыл шетелдіктердің үлесі бар 25 компанияда кезектен тыс тексеріс жүргіздік. Нәтижесінде тоғыз компанияда мұндай проблема бар. Яғни, отандық және шетелдік мамандар алатын жалақы арасында айырмашылық бар. Тиісінше шаралар қабылданды. Бұл олқылықтар түзетілді. Бұл мәселе қазір қатаң бақылауда. Қашаған кен орнына келетін болсақ, мұнда жұмыс жаңа басталды. Қазір біз қызметкерлердің жалақысы, экологиялық мәселе, әлеуметтік бағдарламаларға қаражат бөлу тәрізді сұрақтар бойынша өз ұсыныстарымызды әзірлеп жатырмыз», - деді баспасөз мәслихатында облыс әкімі.

Айта кетейік, ҚР Президентінің тапсырмасына сай, тұңғыш рет тұрақты негізде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар алаңында әр аптада облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің арнайы баспасөз мәслихаттары өткізіледі. Бүгінге дейін ШҚО, Ақмола және Қызылорда облыстарының әкімдері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берген болатын.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика