Адам капиталын дамыту

«Халықтың әл-ауқатын көтеру мемлекеттің басты міндеті»

2017 жылға дейін арнайы әлеуметтік қызметтердің жүйелі түрде кезең-кезеңімен реформалануы, әлеуметтік қызмет түрлерінің қол жетімділігі мен сапа қызметтерінің жоғарылауына бағытталған жұмыстар жасалмақ, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
Казахстан27 Қыркүйек , 16:59

"Ағымдағы жылы елдің ең басты заңы мемлекетіміздің гүлденуі мен дамуының сенімді кепілі және негізі болған ҚР Конституциясын қабылдағанымызға  он сегіз жыл толады. Конституция негізінде қоғамның ең басты байлығы азаматтардың дамуы мен әл-ауқатының жақсаруына бағытталған үлкен жұмыстар атқарылды. Осы жылдар арасында мемлекетіміздің басты міндеті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту болды және солай болып қала береді де.

«Қазақстан 2030» Стратегиясына сай әлеуметтік қамсыздандырудың ұлттық моделі қалыптастырылды және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар қабылданды.

Біздің қол жеткізген алғашқы нәтижелеріміздің бірі – халықтың жұмыспен қамтылуының тұрақты өсімі. Елімізде жұмыссыздық деңгейі 2000 жылы 12,8%-ға, 2005 жылы 8,1% -ға, 2012 жылы 5,3% -ға, 2013 жылдың екінші тоқсаны қорытындысы бойынша 5,2%-ға төмендеген.

Жұмыссыздықтың төмендеуіне басты себеп 2011 жылы жүзеге аса бастаған жұмыспен қамтудың 2020 бағдарламасы. Бағдарламаның іске асырылуына республикалық бюджеттен 200 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінген. Нәтижесінде 235 мың адам жұмысқа орналасты. Соның ішінде: 

- жұмысқа орналасқан 100 мыңнан астам адам оқыту мен қайта дайындаудан өтт;

- 35 мың шамасындағы жас маман жастар практикасынан өтіп, 63 мыңнан астам адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданды;

- бағдарламаның 12 мыңдай қатысушысы шамамен 23,9 млрд теңгеге кәсіпкерлікті дамыту үшін микрокредит алды;

- 10 мыңнан астам адам депрессиялық пункттерден экономикалық потенциялы жоғары жерлерге көшірілді. Олардың көпшілігі жұмысқа орналастырылды.

Экономикалық белсенділік халықтың еңбек таьысын жоғарылатуға м.мкіндік берді. Соңғы 15 жылда қазақстандықтардың табысы 16 есеге өсті. Сонымен қатар бір жұмыскердің айлық жалақысы он есеге көбейді, оның ішінде бюджет қызметкерлері 10,7 есеге жоғарылаған. 2013 жылдың қаңта-маусым айларындағы көрсеткіш бойынша орташа айлық жалақы көрсеткіші 104 135 теңгені құрады.

Мемлекеттің әлеуметтік қамқорлығындағы азаматтар максималды қолдауға ие болады. Қарттық, бала туу, келеңсіз оқиғалар, ауру-сырқауға ұшырау, еңбекке жарамсыздық пен жұмыссыздық ҚР Үкіметінің шешілуі керек деп тапқан ең басты міндеттері.

Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысының тапсырмасына сай, жаһандық дағдарыс пен әлемде жұмыссыздық пен кедейлік белең алғанда бюджет қызметкерлері мен зейнеткерлердің айлық жалақылары көтерілді.

Республикада халықты әлеуметтік қамсыздандыруға бюджеттен бөлінген қаржы 2000 жылы 151 млрд теңгені құраса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн 371 млрд теңгеге жетті.

Сонымен қатар республикалық бюджеттен әлеуметтік төлем алатын халық саны 4 млн адамды құрайды, бұл барша тұрғынның төрттен бірі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шамамен 1,8 млн-нан астам зейнеткер бар. 2000 жылмен салыстырғанда олардың орташа зейнетақысы 4 298 теңгеден 41 790 теңгеге дейін, яғни 10 есеге өскен. 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика