Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

ҚР-да қолайсыз ауа райы жағдайынан сақтандырылған жердің 1%-ы зақымданды

Қазақстанда биылғы жылдың қолайсыз ауа райы жағдайынан ауыл шаруашылық егістіктерінің 120 мың гектары зақымданды. Бұл жалпы сақтандырылған егістік көлемінің 1%-ы, деп хабарлайды «Казагро» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан27 Қыркүйек , 15:59

«Биыл қолайсыз ауа райы жағдайынан ауылшаруашылық егістіктерінің 120 мың гектары зақымданды. Бұл жалпы сақтандырылған егістік көлемінің 1%-ы. Кейбір өңірлерде егістік аумақтарының тексерісі толық аяқталмағандықтан бұл көрсеткіш әліде көбеюі мүмкін»,- делінген холдинг хабарламасында.

«Қазагромаркетинг»АҚ мен «Қазагро» Ұлттық холдингі құрамындағы компаниялардың шұғыл ақпараты  бойынша, өткен жылы зақымданған егістік көлемі 800 мың га шамасында болған.

Айта кету керек, 2013 жылы елімізде 12,4 млн гектардан астам жер сақтандырылған. Бұл сақтандырылуы тиіс жерлердің 74%-ы.

Қолымыздағы бар мәліметтер бойынша, ауа райының қолайсыз жағдайынан ең көп зақымданған өңір Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан және  Ақмола облыстары.




Яндекс.Метрика