Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Астанадағы денсаулық сақтау мекемелері басқа қалалардың пациенттеріне көбірек қызмет көрсете бастаған

2013 жылдың 30 қыркүйегінде «Отандық медицина компанияларының IPO-ға шығу келешегі» атты баспасөз конференциясы өтеді.
Астана қаласы27 Қыркүйек , 15:06

«Егер 2012 жылы Астанадағы денсаулық сақтау мекемелерінде өзге қалалардан келген 9177 пацинтке қызмет көрсетілсе, 2013 жылдың алғашқы жарты жылдығының өзінде бұл көрсеткіш 6031-ді құраған», - делінген хабарламада.

Ведомстваның хабарлауынша, сырттан келген адамдарға қызмет көрсету көбейген. Егер 2012 жылы 9 мың пациент қабылданса, ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында елорданың денсаулық сақтау мекемелерінде қаралған басқа қалалардың тұрғындары 6 мыңның шамасында болған.

Сонымен қатар, 2012жылы мамандандырылған медициналық ұйымдар 187 науқасты емдесе, биылғы жылдың алғашқы жартысында 868 науқасқа көмек көрсеткен.

2012 жылы алғашқы медициналық көмек көрсету қызметі 7757 пациентке қызмет көрсетсе, 2013 жылы бұлкөрсеткіш 2147-ге жетті.

Жедел жәрдем медициналық көмек қызметі қалалық станциясы өткен жылы 707 науқасқа қызмет көрсетсе, ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында 2106 науқасқа көмек көрсетті. Ал онкологиялық диспансер 2012 жылы 526 науқасты емдесе, биыл олардың саны 910-ға жетті.

 

 




Яндекс.Метрика