Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда Тұңғыш Ұлттық интернет – сыйлық пайда болады

Қазақстанда қазақ тілді интернет- ауқымды дамыту мақсатында және интернет-ресурстарды құрастырушылар арасында Қазнеттің Тұңғыш Ұлттық интернет-сыйлығы үшін конкурс өтеді, деп Ұлттық интернетті дамыту қауымдастығының вице-министрі Аршат Орынбаев айтты.
Казахстан27 Қыркүйек , 15:02

Оның айтуынша, Қауымдастық қазақ тілді интернет жүйесін  дамытуды басты мақсатқа алып отыр. Осы орайда интерент құрастырушылар арасында әр түрлі шараларды ұйымдастыру интернеттің дамуына үлесін қосады. Бүгін Тұңғыш Ұлттық интернет-сыйлықтың пайда болғандығы белгілі болды.  

«Қазнеттің Тұңғыш Ұлттық интернет-сыйлығы қазақ тілді интернет жүйесін дамыту мен ақпараттық – технологиялық насихаттауды енгізу болып табылады», - деп Ұлттық интернет қауымдастығының төрағасы Аршат Оразов айтты.

Айта кетейік, конкурс келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: «Мемлекеттік органдар», «Ғылым және білім», «БАҚ және жаңалық», «Мекемелер мен компаниялар», «Қоғамдық ұйымдар», «Спорт», «Мәдениет», «Қазнеттің тұлғалары».  

«Конкурстың жеңімпаздары сайтта дауыс беру арқылы анықталады. Ол қазанда ашылады. Конкурс туралы толық ақпарат осы сайтта болады», - деп Аршат Оразов айтты.

Аталмыш шараның ақтық мәресі Екінші Астаналық Интернет форумына тұспа-тұс келеді, ол 2013 жылдың желтоқсанында өтеді деп жоспарлануда.

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика