Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

ҚР елшісі Н. Ермекбаев Корей елінің Жоғары Президиум төрағасына сенім мақтау қағазын табыстады

ҚР елшісі Н. Ермекбаев Корей елінің Жоғары Президиум төрағасына сенім мақтау қағазын табыстады, деп Сыртқы істер министрінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде27 Қыркүйек , 14:18

 «25 қыркүйек күні Пхеньянда ҚР Корей еліндегі елшісі Нурлан Ермекбаев Жоғары Президиум төрағасы Ким Ен Намуға сенім мақтау қағазын тапсырды», - деп хабарламада жазылған.

Айта кетейік, Корей елінің Конституциясына сәйкес Президиум төрағасы мемлекеттегі жоғары лауазым болып саналады.  

Ресми шара барысында Н. Ермекбаев солтүстік корей парламентінің басшысын Елбасының «Стратегия «Қазақстан – 2050» стратегиясының мақсат-міндеттерін айтып, бағытын айқындады.

Ведомство баспасөз қызметі хабарлағандай, Ким Ен Нам Қазақстан мен  Корей елін тарихи негіз байланыстырып жатқандығын айтты.  Корей елі Н.Назарбаев бастаған салиқалы саясат пен қазақ елінің дамуын жоғары бағалады.

Сонымен қатар, Н. Ермекбаев Корей елінің Сыртқы істер министрі Пак Ы Чунмен кездесті. Ішкі сауда вице-министрі  О Рен Чермен сауда-экономикалық қарым-қатынас жүйесін талқылады.

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика