Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

Алматыда медицина мекемелерінің IPO-ға шығу мүмкіндігі бойынша зерттеудің қорытындысы таныстырылады

2013 жылдың 30 қыркүйегінде «Отандық медицина компанияларының IPO-ға шығу келешегі» атты баспасөз конференциясы өтеді.
Алматы27 Қыркүйек , 14:15

Қазіргі уақытта отандық медицина тектоникалық өзгерістерді бастан кешіп жатыр. Жағдайды сараптай келе, қазіргі ауруханалардың медициналық көмек көрсететін нарықтық компанияларға айналып бара жатқанын айтуға болады. Бұл медицина қызметкерлері мен азаматтарға, мемлекетке үндеу.

Аталмыш трансформацияның бірі және жалпы медициналық қызмет сапасының жақсаруына негізгі фактор отандық медицинаға жаңа инверсторларды тарту.

Осы бағыттағы ең маңызды қадамдардың бірі мемлекеттік немесе жекеменшік медицина мекемесінің акциясын фонд биржасына қою болуы мүмкін.

Мысалға,ресми ақпараттар бойынша, Лондон фонд биржасына өз акциясын салған алғашқы ресейлік «Ана мен бала» медицина клиникалары желісінің тиімділігі 2012 жылғы көрсеткіш бойынша 42%. Бұл «Газпром» ААҚ-ның көрсеткішінен анағұрлым жоғары. Дағдарыстан кейін экономикада тиімділіктің жаппай құлауын ескерсек, аталмыш көрсеткіш инвесторлармен кәсіпкерлердің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.

Баспасөз конференциясында «Ұлағат Бизнес Групп» зерттеу-консалтингтік компаниясы мен «Ұлағатты Медицина» іскерлікжурналының зерттеулерінің нәтижесі таныстырылады.




Яндекс.Метрика