Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

Қазақстан мен Ресей космостық мониторинг жүйесін құру мәселесін талқылайды

Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінен 1 қазанға дейін Астанада қазақ-ресей жұмыс тобының космостық мониторингінің біріккен жүйесін құру және төтенше жағдайларды болжау туралы сараптамалық кездесуі өтеді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Казахстан27 Қыркүйек , 12:45

Хабарламада айтылғандай, екі жақты кездесу Астрахан қаласында Ресей Федерациясымен бірігіп космостық мониторингтің біріккен жүйесін құру және төтенше жағдайларды болжау туралы Қазақстан мен Ресейдің 8-інші аймақаралық әріптестігі Форумында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде өткізілмек.

Аталмыш халықаралық шарада Ресей мен Қазақстан ТЖМ-нің басшылары мен жетекші мамандары, Ресей Федералды космос агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық космос Агенттігі мен қос тараптың мамандандырылған ұйымдары қатысады.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика