Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда ХКҚ бойынша сараптау мен мүгедектерді сауықтыру саласына жаңа өзгерістер енгізілуде – вице министр С. Жакупова

Қазақстанда ҚР мүгедектер өмір сүруін жақсарту мен құқық қорғау жоспарын жүзеге асыру 2012-2018 жылдық жоспарын жүзеге асыру мақсатында медициналық-әлеуметтік сараптау мен мүмкіндігі шектеулі жандарды сауықтыру саласына жаңа өзгерістер енеді, деп Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупова «Құқықтық-ұйымдық және методологиялық негіз, медициналық – әлеуметтік сараптау мен мүмкіндігі шектеулі жандарды сауықтыру» атты конференцияда айтты.
Казахстан27 Қыркүйек , 12:17

 «Біздің конференцияның мақсаты медициналық – әлеуметтік сараптау мен мүмкіндігі шектеулі жандарды сауықтыруды дамытуға бағытталған. Халықаралық классификация қызметінің тәжірибесін аталмыш салаға енгізу болып табылады», - деді С. Жакупова.  

С. Жакупова айтқандай,
ХКҚ денсаулықтың дәрежесін тексереді, қызметтің мінездік және орындалу деңгейін қарастырады.

Ведомство басшысы орынбасары атап өткендей, ХКҚ-ы мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жағдай туғызуға өз септігін тигізеді.  

«Медицина-әлеуметтік қызметінің қалыптасуы мүгедектіктің жалпы концепциясы  сауықтыру кезінде жасап шығуы болып табылады. Алайда, тек қана бір ұйым  бүл үрдісті жүзеге асыра алмайды, сондықтан денсаулық сақтау қызметінің көмегімен аталмыш шараны жүйелендіру қажет», - деп айтты С. Жакупова.

Вице-министр атап өткендей, Қазақстанда 2018 жылға дейінгі шара барысы жоспарланған. Мүгедектердің орын ауыстыруы мен құқықтық ережелерінің қорғалуы ХКҚ-і бойынша тәжірибеленеді. 




Яндекс.Метрика