Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

Италияда «Орта Азиядағы бизнес стратегиясы:Қазақстан» атты форум болып өтті

Удина қаласында Фриули Венеция Джулия итальяндық автономды ауданында «Орта Азиядағы бизнес стратегиясы: Қазақстан» атты бизнес-форум өтті. Шара Қазақстанның Италиядағы елшілігі мен Удинадағы Сауда-өндірістік палатасының бірігуімен ұйымдасты, деп Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде27 Қыркүйек , 12:34

Шараға Удинадағы Префект палатасы қатысты, сондай-ақ, полиция жетекшілері мен қаржы гвардиясының қызметкерлері мен «SACE» итальяндық сарапшы агенттік өкілдері қатысты.

Баяндама барысында Итальядағы Қазақстанның елшісі Андриан Елемесов жергілікті бизнес өкілдерін Қазақстанның жетістігі туралы ақпараттандырды.

Басты назарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық форумда айқын болған «Әлем елдерінің 30 қатарына Қазақстанның кіруі» тапсырмасы болды. Оған қоса «Қазақстан -2050» стратегиясының дамуы да алға тартылды.

Удинадағы Сауда-өндірістік палатаның Президенті Джованни да Поццо Қазақстанның нарығы Италия мен Европа үшін өте маңызды екендігін атап өтті. Оның пікірінше, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жыл сайын 5 пайызға өсіп отыруы үлкен рөл атқарады. Қазақстан экономикалық нарықта өзге елдермен бәсекеге түсе алады.  

Сонымен қатар, қатысушылар Қазақстанда жүзеге асып жатқан үдемелі индустриалды – инновациялық бағдарламасы да ел экономикасына оң әсерін тигізіп жатқандығы тілге тиек болды.

А. Елемесов Удинадағы Префект  Удине Иво Салеммемен және ассессором Мэрии Удине Агостино Майомен кездесті. Олар тараптардың ең өзекті деген сұрақтарын талқылады.

 




Яндекс.Метрика