Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

2013 жылдың соңында Қазақстанда «Қазақстан Аселсан инженеринг» қазақ-түрік қорғаныс-өнеркәсіп кешені іске қосылады.

Ағымдағы жылдың соңына таман Қазақстанда «Қазақстан Аселсан инженеринг» қазақ-түрік қорғаныс-өнеркәсіп кешені іске қосылады, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Казахстан27 Қыркүйек , 12:01

«ҚР ҚМ Әділбек Жақсыбеков Түркияға барған сапарында «Аселан» компаниясының басшылығымен кездесіп, ашылуы ағымдағы жылдың соңына белгіленіп отырған «Қазақстан Аселсан инженеринг» қазақ-түрік қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жүзеге асуы мен дамуын талқылады», - делінген хабарламада.

Жоба ату құралдарына оптикалық көздеу құралдарын, қараңғыда көру құралы мен жылу визорын өндіруге бағытталған. Әріптестік келісіммен жүзеге асатын тараптардың біріккен жобасының ерекшелігі – барша технологиялық  процесстің толық көлемде өндірілуі. Соның ішінде электронды баспа құралын өндіру, бағдарламалық қамсыздандыруды қамтамасыз ету қарастырылған.

Айта кету керек,Қазақстан өнеркәсіптің тек нақты моделін ғана алмай, әскери және азаматтық мақсатта заманауи оптикалық құралдарды да өндіруге мүмкіндік алады.

Естеріңізге сала кетейік, таяудаТүркия Жоғарғы Әскери басшылық – Түркия Қорғаныс Күштері Бас Штабының бастығы және Түркия Ұлттық қорғаныс Министрлігімен кездесу өтті.

Ресми кездесулерденкейін Анкарада Әділбек Жақсыбеков түрік қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жұмысымен танысты.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика