Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

Түркияда қазақ-түрік әріптестік қорғанысы аясында екіжақты келісімдер өтіп жатыр

Қазақстанның Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтың Түркияға ресми сапары жалғасуда, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Әлемде 27 Қыркүйек, 11:53

«Бүгін қазақстандық қорғаныс ведомство басшысы Стамбулға барды. Естеріңізге сала кетейік, таяуда Түркия Жоғарғы Әскери басшылық – Түркия Қорғаныс Күштері Бас Штабының бастығы және Түркия Ұлттық қорғаныс Министрлігімен кездесу өтті. Ресми кездесулерден кейін Анкарада Әділбек Жақсыбеков түрік қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жұмысымен танысты», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, «Аселсан» компаниясының басшылығымен ҚР Қорғаныс министрі келешек даму перспективасы мен ашылуы ағымдағы жылы Астанада өтуі жоспарланған «Қазақстан Аселсан инженеринг» қазақ-түрік қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жүзеге асуын талқылады.

Айта кету керек, Қазақстан өнеркәсіптің тек нақты моделін ғана алмай, әскери және азаматтық мақсатта заманауи оптикалық құралдарды да өндіруге мүмкіндік алады.

Сонымен қатар ҚР Қорғаныс министрі модернизацияланатын және қысқақанатты ұшу құралдары бөлшектерін өндіретін және бөлшектерден ұшақ құрастыратын ТАИ компаниясының басшылығымен кездесті.

Бұдан бөлек, Анкарада Әділбек Жақсыбеков FNSS  зауытындағы бронмен қапталған машиналар өндірісімен танысты. Қазақстандық әскери делегацияға модернизацияланған әскери машиналар көрсетілді. Түркия тарапы аталмыш өндірісті Астанада да ашуға қызығушылық білдіретіндіктерін жеткізді.

Бүгін Стамбулда Әділбек Жақсыбеков Түркияның Қарулы Күштері Бас Штабы Біріккен әскери Академиясына баратыны хабарланады.

 

 





Яндекс.Метрика