Медициналық білім беру жүйесін жақсарту

ҚР Денсаулық сақтау министрі қостанайлық дәрігерлермен «Қазақстан-2050» стратегиясының жүзеге асуын талқылады – ДСМ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды, деп Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қостанай27 Қыркүйек , 11:01

«Денсаулық сақтау министрі қостанайлық медицина қызметкерлерін емделушілердің сауығуы мен белсенді менеджментке көңіл аударуға шақырды. Салидат Қайырбекова аймаққа ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы «Стратегия «Қазақстан-2050» бағдарламасының мақсатын насихаттауға келді», - деп хабарламада жазылған.

С. Қайырбекова атап өткендей, Қостанай облысы жоғары кәсіптік потенциалға ие, Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша қостанайлық дәрігерлердің істейтін жұмысы жеткілікті. Бірыңғай ұлттық жүйе бойынша жаңаша жұмыс істеу қажет.

Жаңа стандартты «жедел медициналық көмек» пен онкология бөліміне енгізді. Министр техникалық қондырғының ескіруіне де тоқталды. Оның ойынша, осы орайда облыстың билік өкілдерінің көмегі қажет.

Өз баяндамасында министр «Стратегия – 2050» жаңа саяси бағыт бойынша мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып жатқандығын атап өтті. Бүгінгі таңда елде пилоттық жүйе бойынша әлеуметтік келісім шарт түрі енгізілуде.  

Сонымен қатар, С. Қайырбекова бірқатар медицина нысандарына бас сұқты. 

 




Яндекс.Метрика