Технологиялар трансферті

Қазақстандық технология трансферт желісі халықаралық 6 желімен интеграцияланған

Бүгінде Қазақстандық технология трансферт желісі Ресей технология трансферт желісі, технология трансферті республикалық орталығы (Беларусь), технология трансферті ұлттық желісі (Украина), Yet2 Com америкалық биржа инновациясы, технология трансфертінің Еуропалық нарығы және UNIDO дерек қоры секілді халықаралық 6 желімен интеграцияланған, деп хабарлайды «Ұлттық инновациялық қоры» баспасөз қызметі.
Казахстан27 Қыркүйек , 08:21

Айта кету керек, Қазақстандық технология трансферті желісін құруда түрлі бағыттағы көптеген қатысушылар арасындағы технологиялар жайлы ақпарат алмасу ағымын ұстай отырып Еуропа мен ТМД елдерінің тәжірбиесі қолданылды.

Технологиялық профильдің орналастыру және іздеу формасы еуропалық технология трансферті желісінің формасына барабар.

Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы, «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ мен «Innopolis Foundation» инновациялық қызмет субъектілері арасындағы әріптестік қатынасты құру мен дамыту мақсатында Астана мен Тэджонда Корей-Қазақ технологиялық әріптестік ортылығы құрылды.

Қазақстандық технология трансферті желісі қазақстандық интеллектуалды ресурс саудасына, отандық кәсіпкерлердің әлемдік ғылыми-техникалық жұмыстарына қол жеткізіп, желіні өндіріс күшін модернизациялау құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандық технология трансферті желісімен тығыз қарым-қатынаста болатын «Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттік» АҚ халықаралық технология трансферті құрылып жатыр

Қазіргі уақытта технология трансферті бойынша Қазақстан-Француз орталығы мен Корей-Қазақ орталығы технологиялық әріптестік бойынша жұмыс істеп тұр.

Келешекте Қазақстандық технология трансферті желісі негізінде басқа да халықаралық технология трансферті ортылқтарын құру жоспарланған.




Яндекс.Метрика