Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Қостанай облысында 4 мыңнан астам спорттық шаралар өткізілді

Қостанай облысында 2013 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 4 мыңнан астам спорттық шаралар өткізілді, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.
Қостанай27 Қыркүйек , 10:24

«2013 жылы қыркүйектің 1-іне дейін 4082 спорттық шаралар өткізілді.  Қазіргі уақытта спорттың  бұқаралық түрімен  234,4 мың адам айналысады. Бұл облыс тұрғындарының 26,6 %-ы», - делінген хабарламада.

Қостанай облысында  спорттың  бұқаралық  түрін дамыту  мақсатында  2341 спорттық  нысандар жұмыс істеп тұр. 2013 жылы құны 15 млн теңге болатын 3 спорт алаңы Қостанай қаласында 10 млн теңгені құрайтын және Алтынсарин ауданы  Үлкен Чураковка ауылында 4,8 млн теңгеге тиесілі  хоккей корттары пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, жыл соңына дейін Қостанай мен Рудный қалаларында екі спорт кешені мен 26  спорт алаңдарының  құрылысы аяқталмақ.

 

 




Яндекс.Метрика