Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

Павлодар облысының кәсіпорындары ішкі нарыққа тауар шығару саласына қолдау ретінде 12 млн теңге алды

Павлодар облысында отандық кәсіпкерлерді қолдау «Экспорт-2020» бағдарламасы аясында 5 экспорттаушы кәсіпорын ішкі нарықта тауар айналымының 50 пайызын қамтамсыз ететін қаржыландыруға ие болды, деп облыстың баспасөз қызметі хабарлады.
Павлодар27 Қыркүйек , 09:21

«Отандық кәсіпкерлерді қолдайтын «Экспорт – 2020» бағдарламасы бойынша 5 экспорттаушы кәсіпорын ішкі нарықта тауар айналымы үрдісін жүзеге асыру үшін шығынның 50 пайызын құрайтын қаржыландыруға ие болды, яғни оған 2012 жылы 6,3 млн теңге бөлінсе, ағымдағы жылы 12,6 млн теңге қаржы қарастырылды», - деп хабарламада жазылған.

Оған қоса, ағымдағы жылы бағдарлама бойынша 30 сарапшы-кәсіпорынды тарту көзделіп отыр.

Осы жылы бағдарламаға қатысушылар: «КЭЗ» АҚ, «ПМЗ» АҚ, «Формат Машкомпании» ЖШС, «Нефтехим ЛТД» ЖШС.

Қазақстандық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырып қарқынды дамыту үшін 448,1 млрд теңге қарастырылды.

Қазіргі таңда 858,6 млрд теңгені құрайтын келісім шарт жүзеге асты, ол жеткен жетістіктен  1,5 есеге жоғары.

 




Яндекс.Метрика