Мемлекетті басқарудың жаңа типі

Тони Блэрдің кеңесшілер тобы «А» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлерге семинар өткізеді

Мемлекеттік басқарма академиясында Тони Блэрдің «Policy Advisory Group» кеңесшілер тобы «А» корпусындағы орталық және мемлекеттік аппарат жетекшілері мен жауапты хатшыларына, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлеріне біліктілік арттыру семинарын өткізеді, деп хабарлайды академияның баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Қыркүйек , 10:07

«Семинар бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның «Policy Advisory Group» сарапшылары Ричард МакКлелан, Аида Әлжанова, Бэн Годвин, Даяна Бэйтлер, Джонатан Пауэлл «Жобаларды басқару» тақырыбы бойынша сөз сөйлейді. Айта кету керек, бұл мамандар Тони Блэрдің бірнеше жылдан бері Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан кеңесшілер тобы болып табылады», - делінген академия хабарламасында.

Бұдан бөлек, семинар шеңберінде мемлекеттік органдардағы аудит саласын зерттеуде көп жылдық тәжірбиесі бар Германияның Шпайер Академиясының докторы Джулия Флейшер де қатысады.

Шараның соңғы, яғни үшінші күні бағдарлама бойынша Францияның мемлекеттік басқарудың ұлттық мектебінен Пьер Жевар мырза «Көшбасшылық» тақырыбын алға тартады .

Айта кетейік,  ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында 2013 жылдың 30 қыркүйегінен бастап 2 қазанына дейін орталық және мемлекеттік аппарат жетекшілері мен жауапты хатшыларына әкімшілік мемлекеттік қызметкерлеріне біліктілікті  арттыру семинары өтеді.

Аталмыш шараның мақсатымен міндеті – «А» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің білімдерін арттыру, тиімді басқару бойынша көшбасшылық қасиеттерін жетілдіру және жобаларды басқару  үрдісін  жүйелі игеруді дамыту болып табылады.

 




Яндекс.Метрика