ҚР ИИДМБ

Атырау облысында полимерлі өнім шығаратын зауыттың құрылысы басталды

Атырау облысында «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» экономикалық зонасы аймағына полимерлі өнім шығаратын зауыт құрылысы басталды, деп хабарлайды Біріккен химия компаниясының баспасөз қызметі.
Атырау27 Қыркүйек , 09:18

«Атырау обьлысында полимерлі өнім шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Жоба үкіметтің химия өнеркәсібін дамыту мен жаңа индустриализация бағдарламалары шеңберінде жүзеге асады», - делінген хабарламада.

Жобаның жалпы құны 85 млн АҚШ доллары. Мұның 50%-ын «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ, қалған жартысын «Жинақбанк» АҚ қаржыландырған.

2014 жылдан бастап өндіріс орны өндірістегі тауарларды қаптауға қолданылатын полимерлі қабықша шығара бастамақ. Өнімнің 60%-ын биаксиалды бағыттағы полипропиленді қабықша құрайды деп күтілуде. Қабықшаның мұндай түрі өте көп мөлшерде тұтынылғанына қарамастан, бүгінге дейін Қазақстанда шығарылмай, Түркия, Қытай, Ресей мен Ираннан импортталып келген.

Сонымен қатар,хабарламада айтылғандай, тауардың барлығын екінші қайта өңдеуге мүмкіндік бар. Келешекте зауыт био бөлшектенетін полимерлі қаптамалар өндірмек.

Айта кету керек, әлемнің көптеген елінде қазірдің өзінде пластикалық пакеттерді қолдануға тыйым салынған.

 

 

 




Яндекс.Метрика