«Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту

ҚР-да 2013 жылы мектепке дейінгі мекемелерді дамыту үшін 11 млрд теңге бөлінді

Қазақстанда ағымдағы жылы мектепке дейінгі мекемелерді дамыту үшін «Балапан» бағдарламасы бойынша 11 млрд теңге бөлінді, деп ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Казахстан26 Қыркүйек , 20:07

Атап өтілгендей, жыл санап балабақшалар мен мектепке дейінгі мекемелер көбеюде.

2011 жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 4,8 млрд теңге бөлінсе, өткен жылы 8,2 млрд теңге қаржыландыруға бөлінді. Ағымдағы жылы 11 млрд теңгені бөлу қарастырылды. 2011 жылмен салыстырғанда орын саны 14 671 –ге көбейген.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелер балаларға білім беріп қана қоймай 3 313  жұмыс орнын қамтамасыз етіп отыр. Демек, балалардың аналары жұмысқа кіру мүмкіндігіне ие болды.

Дегенмен, оңтүстікте балабақшаға орын тапшылығы проблемасы бар. Кезекте  65 904 бала тұр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 402 балаға көп.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика