Өңірлік және халықаралық ықпалдастық

Қазақстан БҰҰ Адам құқығы бойынша кеңес бюросына сайланды

БҰҰ Адам құқығы кеңесіндегі Азия-Тынық мұхиты өңірлік тобының мүшелері бір ауыздан Қазақстан Республикасын 2015 жылғы БҰҰ АҚК Бюросына сайлады.
Әлемде29 Қараша , 13:42

Аталмыш шешім биылғы жылдың 28 қарашасында Женева қаласында өткен АТӨ елдері тобының кезекті кездесуінде қабылданды. БҰҰ АҚК Азия тобы мүшелері мен бақылаушылары ресми түрде мәлімдемемен Қазақстан үміткерлігін өткізуге бір ауыздан дауыс берді, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Өздеріңізге де белгілі, БҰҰ Адам құқығы кеңесіне 47 ел кіреді. Олар әділетті географиялық бөлу қағидасы негізінде сайланады. Қазіргі таңда Азия-Тынық мұхиты өңірлік тобы БҰҰ АҚК ірі тобы болып табылады.

Кездесуде Женевадағы БҰҰ бөлімшесіндегі ҚР Тұрақты өкілі, Елші Мұхтар Тілеуберді қатысушыларды адам құқығын сақтау мен қорғау саласындағы еліміздің жеткен жетістіктерін айтып, БҰҰ  АҚК Әмбебап кезеңдік 2-ші шолу айналымы аясындағы 2014 жылдың 30 қазанындағы Екінші ұлттық баяндама мен БҰҰ комитеттеріндегі нәсілдік кемсітушілік пен әйелдер теңдігі мен әлімжеттікті жою туралы сәтті қорғап шыққанын айтты.

Сонымен қатар БҰҰ Адам құқығы Жоғарғы кеңесі басқармасымен жемісті ынтымақтастықтың жалғасып жатқаны еске салынды. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың шақыруымен 2015 жылы Жоғарғы Комиссар, Ханзада Зейд Раада Зейд әл-Хүсейіннің біздің елге сапары күтілуде.

Женевадағы ҚР Тұрақты өкілі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап БҰҰ Адам құқығы кеңесі төрағасының орынбасары лауазымын алады. 




Яндекс.Метрика