Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қырғыз Республикасы елшісі: Н.Назарбаев ТМД тұрақтылығының бірден-бір кепілі (ВИДЕО)

Н.Ә. Назарбаев – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мен Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылықтың бірден-бір кепілі, деп мәлімдеді Қазақстандағы Қырғыз Республикасы Төтенше және Өкілетті елшісі Эсенгул Омуралиев Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 30 Қараша, 15:01

«Қазақстан-2030» Стратегиясы қабылданған кезде Ұлт Көшбасшысының кейбіреулер тым асыра сілтеді деген сынды пікірлердің қылаң бергені анық. Дегенмен Президент, Парламент, Үкімет пен халықтың өзара түсінісе отырып жұмыс істеуі аталмыш мақсатты мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндік берді. Енді «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыра отырп Қазақстан 2050 жылға қарай дамыған 30 елдің қатарына ену жоспарын құрып отыр», - дейді елші.

Сонымен қатар елшінің айтуынша, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты әлемдік экономикалық дағарыс кезіндегі күрделі кезеңде Қазақстан Президенті өзінің көрегендігімен аталмыш уақытта елдің бірлесе еңбек етуі мен мемлекеттің дер кезінде қабылдаған бағдарламалық құжаттарын орынды атқара отырып дамудың жаңа деңгейіне көтерілетініне сенім білдіріп отыр.

«Бұл бағдарламаны орындауға әбден болады. Қазақстанда ол үшін қажетті барлық ресурс бар. Елбасының осынау қабілеттері қазақстандықтардың бағы екені сөзсіз», - дейді.

Елшінің пікірінше, Н.Ә. Назарбаев – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы мен Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылықтың бірден-бір кепілі.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика