Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстан Президенті қашанда алдын ойлайтын адам – Н.Самосейко

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев қашанда алдын ойлайтын адам, дейді Беларусь Республикасы халықаралық істер бойынша ұлттық жиын өкілдері палатасының тұрақты комиссия төрағасы Николай Самосейко.
Астана қаласы30 Қараша , 14:27

«Қазақстан Президенті Н.Назарбаевты барлық президенттер мен парламентария жақсы таниды. Беларусь халқы болса, Президентті қашанда алдын ойлайтын қайраткер ретінде бағалайтыны анық», - деп мәлімдеді Н.Самосейко «Президент. Парламент. Интеграция» атты халықаралық конференцияда.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 19 мамырында Астанада Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы келісімге қол қойылды. «Н.Назарбаев бір кездері, осыдан 15 жыл бұрын Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы бастама көтерген еді. Бізден көп жерлерде аталмыш интеграцияның кешігіп қолға алыған болуы мүмкін бе деген сынды сауалдар қояды. Менің оған берер жауабым – біз аталмыш одақты өз уақытында құрдық. Өйткені Назарбаевтың идеясы әбден пікіп, белгілі бір формаға келуі керек еді», - дейді.

Сонымен қатар, оның пікірінше, қазіргі таңда шешімін табуы керек бірқатар мәселелер бар. Оны шешудің ұтымды жолы интеграциялық бірлетік.  

Камила Амирова




Яндекс.Метрика