Өңірлер

Мереке қарсаңында қызылордалық нұротаншылар пария билеттерін алды – әкімдік

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қызылорда облыстық «Нұр Отан» партиясы бөлімшесіне тіркелген партия мүшелері партия билеттерін алды, деп хабарлайды әкімдік.
Қызылорда 30 Қараша, 14:02

Билетті облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясының облыстық бөлімшесі жетекшісі Қырымбек Көшербаев тапсырып, партия құрамына енген жаңа мүшелерді мерекемен құттықтап, «Нұр Отан» партиясының қоғам мен мемлекет өміріндегі маңыздылығына тоқталды.

Айтапақшы, облыс қазіргі таңда әлеуметтік саланы қаржыландыруда елімізде көшбасшы өңір. Әрине, шешімін күтіп тұрған мәселелер де баршылық. Алайда осы қарқынды сақтай отырып жұмыс істелетін болса, алдағы уақытта көптеген белестерді бағындырымаз, деді әкім.

«Партия миссиясы – халық пен билік арасында алтын көпірге айналу. Ірі әлеуметтік маңызы бар шараларға мұрындық болу», - дейді облыс әкімі партияластырын Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін іске асыруға шақыра отырып.

 





Яндекс.Метрика