Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Беларусь елшісі Қазақстан халқын мерекемен құттықтады (ВИДЕО)

Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында Беларусь елшісі Анатолий Ничкасов Қазақстан халқын мерекемен құттықтады.
Астана қаласы 30 Қараша, 12:58

«Елбасының қазақстан халқын алға сүйреуде айтарлықтай қызмет еткені анық. Қазақстанды былай қойғанда Орта Азия мемлекеттерінің дамуында да ол кісінің орны бар. Осы орайда Тұңғыш Президент күнінде қазақстандықтарды мерекемен құттықтау мен үшін үлкен мәртебе», - дейді елші.

Оның айтуынша, көптеген сарапшылардың ойынша, Қазақстан Республикасы үшін Н.Назарбаев бақ болып туған қайраткер.

«Қазақстан халқының Елбасын таңдауда кісі қызығарлықтай жолы болды. Н.Назарбаев 23 жылдар бері жас мемлекетті ең қуатты мемлекеттермен терезесі тең түрде алға сүйреп келе жатыр. Н.Назарбаевтың артынан ертен қазақстандықтар жаман болмайтыны анық. Қазақстан бүгінгі таңда тұрақты дамушы және гүлденген мемлекетер ретінде қалыптасты», - дейді Беларусь елінің елшісі.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика