Халықаралық интеграция

Манчестерде Қазақстан-британдық форум өтті

ҚР Бірінші Президенті күнінің қарсаңында Манчестер қаласында Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Е.Қазыханов 7-ші Қазақстан-британдық форумының қатысушылары және Солтүстік Англияның жоғары оқу орындарында техникалық мамандықтар бойынша білім алып жатқан ҚР Президентінің «Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының алдында баяндама жасады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Әлемде30 Қараша , 12:32

Баяндамада Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, ел экономикасының тұрақтандырылуы мен модернизациясы, Қазақстан халқының өмір сүру сапасы мен стандарттарының жақсаруы, саяси жүйенің демократизациясы, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам негізінің қалануы, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің күшеюі, Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен жауапты да сенімді серіктес ретінде танылуындағы тарихи ролі ерекше аталып өтті.

Қазақстан Елшісі баяндамасының басымды назары ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауының негізгі қағидаттарына аудартылды. Е.Қазыханов Қазақстан Президенті айқындаған ұлттық экономиканың басымды салаларының дамуына ерекше қөңіл аударып, британ бизнесін Қазақстанның транспорт, логистикалық, энергетикалық және т.б. инфрақұрылымдарын дамытуда белсенді қатысуға шақырды. Британ компанияларының өкілдері Елбасы Жолдауының уақыттылылығын және Қазақстан экономикасының одан әрі дамуын ынталандыру, сонымен қатар шетелдік инвестицияларды тарту тұрғысынан маңыздылығын атап өтті.

Біріккен Корольдік еліміздің экономикасына салған инвестиция көлемі жағынан АҚШ және Нидерландтардан кейін үшінші орынды иеленуде. Бүгінде британ инвестицияларының легі 10 млрд. долл. асқан. Екіжақты сауда айналымы да ұдайы өсіп, 2013 жылы 2,3 млрд долл. құраған. Қазақстанда британ капиталының қатысуымен 600-ден астам кәсіпорындар жұмыс істейді. Олар экономиканың әр түрлі салалары, атап айтқанда, энергетика, транспорт, тау-кен, білім беру, денсаулық сақтау, банк ісі және басқа да бағыттарда шоғырланған.




Яндекс.Метрика