Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

А.Мұхамедиұлы: Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні – бәрімізге ортақ мереке

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні – бәрімізге ортақ мереке, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 30 Қараша, 12:01

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні – бәрімізге ортақ мереке. Осы орайда біз барша әлемде мемлекеттегі Президенттік басқару жүйесін таныстырып, демократия құндылықтарын көрсетеміз. Бастысы, біз бұл мерекені шын көңілмен тойлаймыз. Біз сәулеті мен дәулеті жарасқан керемет мемлекетте өмір сүріп отырмыз. Біз үшін бұл үлкен мақтаныш», - дейді А.Мұхамедиұлы.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның аз уақытта ғана жеткен жетістіктері Елбасының ерен еңбегінің арқасы. «Бұндай пікірді Қазақстанның ө ішінде ғана емес, халықарылық қауымдастық өкілдері де айтып отыр. Әлемдік қауымдастық Елбасын жоғары білікті дипломат ретінде бағалайды», - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар министр қазіргі таңда күрдеоі геосаяси шиеленісті жағдайлар кезінде Мемлекет басшысының келіссөздердегі маңызы мен рөлі арта түскенін айтты.

Камила Амирова

Фото Азамат Алиев





Яндекс.Метрика